Ақтөбеде медицина қызметкерлері мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан
Ақтөбегі арнайы мекемеде балалар соққыға жығылған. Қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, оны тергеу үшін полиция басқармасына жолдады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, биыл 27 сәуірде №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлердің балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Прокуратура қызметкерлері осы мекемеге қорғаншылық және қамқоршылық органы, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдері, полиция қызметкерлері және медицина қызметкерлерімен бірге барды.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру арқылы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды ұрып-соққаны анықталды», - делінген хабарламада.
Бұл жолы 8 жастағы ойын баласы зардап шеккен. «Хабар» телеарнасының хабарлауынша, орталықта негізінен ақыл-есі кем, дамуында ақауы бар, қауқарсыз жандар тұрады. Балалар 5 жастан бастап кәмелетке толғанға дейін медицина қызметкерлері мен күтушілердің қарауында болады.
«Мұндай дерек екінші рет қайталанып тұр. 2022 жылы осындай дерек болды. Үкім шығып, қазір 3 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Ләззат Тайланова.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ