присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбедегі атыс: бір адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды

28 мамыр 2024 12:59
Ақтөбедегі атыс: бір адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды

Ақтөбе қаласында атыс болып, бір адам қаза тапты. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Ресми ақпарат бойынша, 28 мамырда Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасына 18-22 жас аралығындағы 9 тұрғын жеткізілген. Олардың аяғына оқ тигені, пышақ жарақаты бары анықталған.

Ауруханаға жеткізілгендердің бірі пышақ жарақатынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды, - делінген ресми ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2006 жылы туған науқас ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген. Оның бірнеше пышақ жарақатын алғаны анықталған. Оған 30 минут бойы жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген, алайда науқас алған жарақатынан қайтыс болды.

Тағы жарақат алған 8 науқас травматология бөліміне жеткізілген. Ішінде 22 жастағы 2 науқас, 21 жастағы 1 науқас, 20 жастағы – 2, 19 жастағы – 1, 18 жастағы екі науқас бар. 

Жергілікті полиция төбелеске қатысқандарды анықтап, қылмысты жасады деген күдікпен 4 адамды ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру