Ақтауда медсақтандыру қоры филиалының директоры ұсталды
Ақтау қаласында әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектібаев 17,5 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Онымен бірге медициналық фирмалардың бірінің директоры да ұсталды.
Компания қормен тегін медициналық көмек бойынша қызметтерді сатып алу шартын жасасқан. Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізіп отырған.
Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілген. Бірақ іс жүзінде бұл қызметтер жасалмаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.
Руслан Бектібаев екі айдан бері тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның жеке мүлкі тәркіленді. Енді ол 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ