присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтауда ұрлыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды

20 қараша 2023 15:41
Ақтауда ұрлыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды

Ақтауда ұрлыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қала аумағында орналасқан кәріз сору станцияларының бірінен кабель сымдары және кәріз құдығының қақпақтары қолды болып, күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінген.

Келтірілген материалдық шығын 105 млн 237 мың 35 теңге болды. Ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке бастары анықталды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру