Ақтөбеде көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан жасөспірім қаза тапты
Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында, Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы жерде Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысқан. Салдарынан скутердің жүргізушісі – 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы – 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ