Ақтөбеде пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Ақтөбеде пәтерден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ПД.
«4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды», - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ