Алматы маңында тағы да жер сілкінді
Бүгін Алматыдан 278 және 279 шақырым қашықтықта 2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ТЖМ-ге қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Біріншісі Алматы уақытымен сағат 03:42:15-те тіркелген.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеді.
Екіншісі 05 сағат 58 минут 05 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі сезілмеген.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ