присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысында 30 мыңнан аса халық тұратын ауылды су басты

21 ақпан 2023 12:40
Алматы облысында 30 мыңнан аса халық тұратын ауылды су басты

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында 50 шақты үйдің ауласын су басты. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Телеарнадағы сюжеттен белгілі болғандай, тасқын су үйлерге де кірген.

Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы ауылдың біраз көшесін шайып кетті. Телеарнаның хабарлауынша, амалдың жоқтығынан тұрғындар қолдан жасалған соқпақпен жүріп-тұруға мәжбүр болып отыр. Тасқын судың кесірінен халық баспаналарын тастап кетіп жатыр.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нүрпейісовтің айтуынша, жағдайды қалпына келтіруге аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен әскерилерді қоса алғанда, 30 адам және 8 техника жұмылдырылған.

Бірақ бұл 30 мыңнан аса халқы бар Ұзынағашты қызыл судан арылтуға жеткіліксіз. Сондықтан баспаналары мен аулаларын су шайған тұрғындар тағы бірнеше күн күтуі керек, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сюжетті жасаған телеарнаның тілшісі Нұрсұлтан Тілектес Ұзынағаш ауылында ағын суларға арналған 30-дан аса арық бар екенін, бірақ оның басым бөлігі тазартылмағанын айтты.

«Қазір 5 насоспен ауылдағы суды сорғызу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға келген шығын әлі есептелмеген, ал зардап шеккендердің мүлкі өтеле ме, өтелмей ме, ол жағы да әзірше белгісіз», –  деді ол сюжетінде.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру