Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі өз-өзіне қол салды
Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі өз-өзіне қол салды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметіне қарағанда, Жамбыл аудандық білім бөлімінің 43 жастағы қызметкері өз-белгісіз себептермен өз-өзіне қол жұмсаған. Оның қайтыс болғаны туралы 7 маусымда белгілі болған.
Сол кезде Жамбыл аудандық полиция бөліміне 43 жастағы әйеллдің дарға асылып, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ