Алматы облысында бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын қалтасына басқан
Алматы облысы Ұйғыр ауданында орталық аурухананың бухгалтерінің мемлекеттік сатып алуға қатысқан кәсіпкерлердің 90 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алғаны анықталды.
Бұл ақшаны бизнесмендер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде аударған. Алайда аурухананың есепшісі қаражатты өз шотына аударып алған.
Осы іске қатысты Алматы облысының прокуратурасы есеп-қисап бөлімін тексеріп, тағы 50 млн. Теңгенің ұрланғанын анықтады. Бұл ақша да 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет.
Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі кәсіпкерлерге қайтарылды. Ал аурухананың есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ