Алматы облысында пошта арқылы келген косметика есірткі болып шыққан
Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Агенттік мәліметінше, Алматы облысының Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілімнің түскені анықталды.
Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтер, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Қазір аталған азамат сот шешімімен қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ