присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ұйымдастырған

09 шілде 2024 11:30
Алматы облысының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ұйымдастырған

Полицейлер «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кезекті зертхананы әшкерледі.

Синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы тәртіп сақшылар Қарасай ауданының саяжай алқаптарының бірінің аумағында анықтады. Үйдің ауласындағы гаражды тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер, контейнерлер мен басқа да заттар табылды. Сонымен қатар күдіктінің жеке учаскесінде полиция 18 қарасора бұтасын қазып алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Зертхана «синтетика» өндірісінің бастапқы сатысында жойылды. Есірткі өндірушіден 200 граммнан астам мефедрон және синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1,5 келіден астам прекурсорлар тәркіленді.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетсек, жыл басынан бері Алматы облысында он есірткі зертханасы жойылған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру