присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы полициясы әйелдің басын кесіп алған күдіктіні іздестіріп жатыр

12 сәуір 2023 18:02
Алматы полициясы әйелдің басын кесіп алған күдіктіні іздестіріп жатыр

Алматыда қараусыз қалған ғимараттың жанынан басы кесілген әйелдің мәйіті табылды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп, басы кесілген әйелді тапты. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйел болып шықты. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.

Қазір аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру