Алматыда ұрлықпен айналысқан Қытай азаматы қолға түсті
Алматы қаласында осы кезге дейін ұрлықпен айналысқан Қытай азаматы ұсталды. Ол қалта ұрлығы үшін қолға түсті.
Шетелдік азаматтың қылмыспен жалғыз өзінің айналысқаны анықталды. Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтің айтуынша, 1996 жылы туған Қытай азаматы смартфон ұрлады деген күдікпен ұсталған. Ол адам көп жиналатын жерлерде, көше қиылыстарында, бағдаршамдарда қылмыс жасаған. Соңғы ұрлықты Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы жаяу адам өтетін жерде жасап, жолдан өтіп бара жатқан адамның қалтасынан IPhone телефонын ұрлаған.
Күдіктіні полиция басқармасының бөлімше қызметкерлері мен қаланың криминалдық полициясының арнайы тобындағы әріптестер ұстады, – делінген хабарламада.
Қазір тергеушілер күдіктінің қаланың басқа да жерлерінде бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ