Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі қылшық алынды
Алматыда дәрігерлер шұғыл ота кезінде 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алды.
Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында ол асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды, - дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазанның көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын білген. Асқазанда көптеген гетероген бөлшектер, шаш өрімі және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде нәрсе анықталған.
Асқазан қуысында үлкен көлемдегі тығыз түзіліс табылды және жойылды. Салмағы 1 келі трихобезоар алынды, - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.
Дәрігерлер мұндай жағдай басынан, қасынан және кірпіктерінен қылшықты жұлып, жұтуға патологиялық бейімділігі (триотилломания) бар қыздарда кездесетінін атап өтті. Бұл ауру көбінесе обсессив неврозы, девиантты мінез-құлқы бар балаларға әсер етеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ