присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда алғашқы муниципалды паркинг ашылады

09 ақпан 2023 14:08
Алматыда алғашқы муниципалды паркинг ашылады

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг салынады. Бұл туралы Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Өткен жолы аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында құрылысы бітпеген паркингке қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. Енді 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол ауданның дамуы және былтыр тұрғындардан түскен ұсыныс бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 200-ден аса адам келді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру