Алматыда астыртын казино қызметі әшкереленді
Алматыда ставкалары мен ақшалай ұтыстарды көздейтін құмар ойын (астыртын казино) түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді. Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ