Алматыда бұрын сотталған жігіттер қару-жарақпен ұсталды
Алматыда қару-жарақ салынған көлік анықталды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өткен түні Алатау аданы аумағында күдікті көрінген екі Toyota көлігінің жүргізушілері полиция назарына іліккен.
Тәртіп сақшыларын көре сала жүргізуші мен оның жолаушылары жан-жаққа қаша жөнелген. Алайда олар қолға түсті. Тексеру барысында көлік ішінен Сайга және ТОЗ қарулары, пышақ, травматикалық тапанша, оқ анықталды және тәркіленді. Ұсталған азаматтардың Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары екендігі белгілі болды. Ең жасы 19 да болса, үлкені – 37 жаста. Қолға түскен 8 күдіктінің үшеуі бұрын сотты болған, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық зерттеудің қорытындысын ескере отырып, қылмыстық іс бойынша қаулы шығарылды. Тергеу барысында тәркіленген қарудың қайдан шыққаны мен кімге тиесілілігі анықталатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ