Алматыда Бас жоспарды қоғамдық талқылау аяқталды
Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын үш күндік талқылау аяқталды.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттың мақсаты – халық үшін тартымды, жайлы әрі үйлесімді мегаполис құру. Сарапшылар мен қала тұрғындары көлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, инженерлік желілерді жаңғыртуды, ауаның ластануымен күресу және экожүйені жақсарту шараларын талқылады.
Былтыр шілде айынан бастап «Тұрғындар сауалнамасы» зерттеуі жүргізіліп жатыр. Бұл алматылықтардың тәжірибесіне жүгінуге, қалай өмір сүретінін, жолға қанша уақыт жұмсайтынын, не мазалайтынын және шаһардың дамуына қатысты ұсыныстарын білуге мүмкіндік берді. Бас жоспарды талқылаудағы мәселенің дені осы зерттеудің нәтижесімен расталады.
Үш күндік қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстар мен пікірлер Алматы полиорталықтарының бас жоспарын әзірлеу бойынша техникалық тапсырмаларды белгілеу кезінде ескеріледі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ