Алматыда «полицейлер» массаж салонының қызметкерлерін бопсалаған
Алматыда жалған полиция қызметкерлері массаж салонынан ақша алып жүрген.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 36 және 31 жастағы екі ер адам өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған. Олардың біреуі, белгілі болғандай, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Оларды біздің бөлімше қызметкерлері Бостандық аудандық ПБ-дағы әріптестерінің көмегімен әшкереледі. Қаскөйлердің өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жауапқа тартамыз деп қорқытып, массаж қызметін көрсететін салоннан бірнеше рет ақша алғаны анықталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, – деді Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.
Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен квалификацияланған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазір іс бойынша тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ