присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

01 ақпан 2023 11:43
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

Алматыда ер адам алдымен әйелін тапаншамен атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы оқиға кеше түнде Наурызбай ауданында болған. Көршілердің айтуынша, үйде төрт адам – анасы, әкесі, ұлы және келіні тұрған екен.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам тапаншадан оқ атқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру