присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда ер адам жалға алған пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

12 қыркүйек 2023 15:10
Алматыда ер адам жалға алған пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Алматыда 27 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, синтетикалық есірткіні шығаратын зертхана Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп тұрған. 27 жастағы азаматтың тұрғын үйді «синтетика» өндіру үшін жалға алғаны белгілі болды.

Тінту кезінде біздің бөлімше қызметкерлері медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат – мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат бар. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткісі болып шықты. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақ (болжам бойынша мефедрон), бөлек оралған 15 және 6 заттаңба жапсырмасы тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кетсек, жас жігіттің бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру