присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады

22 желтоқсан 2022 09:57
Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Агенттіктің хабарлауынша, тергеу лауазымдық өкілетін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі.

«Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді», - делінген ресми ақпаратта.

Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан.

Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру