Антикор Нұржан Әлтаевтың кімнен пара алды деген күдікке ілінгенін жариялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-депутат Нұржан Әлтаевқа қатысты ақпарат таратты.
Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, Әлтаев еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен парламенті мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.
2018-2020 жылдары жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып, ол Абылай Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен, - делінген ақпаратта.
Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, 2023 жылдың 7 маусымында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ірі көлемде пара алды деген күдік бойынша ұсталды.
Антикор 2023 жылдың 10 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ