присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

АШМ тасқыннан қырылған мал шығынының 100% өтелгенін мәлімдеді

06 маусым 2024 17:35
АШМ тасқыннан қырылған мал шығынының 100% өтелгенін мәлімдеді

Елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті.

Оның айтуынша, тасқын басталған сәттен бері жедел шаралар қабылданған. Биыл 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмі бекітілген.

Айта кетсек, сол алгоритм мен қағидаттарда шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделгені мәлім.

Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша, республикада 12 450 мал қырылған. Барлық өлексе жойылып, залал 100 пайыз өтелді, - деді Аманғали Бердалин.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру