Астанада 15 жастағы қыз өрттен құтқарылды
Елордалық өрт сөндіруші 15 жасар қызды құтқарды.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Астананың Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған.
3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ