присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада 185 мың бала жазғы демалыс лагеріне барды

21 шілде 2023 11:54
Астанада 185 мың бала жазғы демалыс лагеріне барды

Биыл Астанада 185 мың бала жазғы демалыс лагеріне барды. Бұл – 1-10 сыныпта оқитын балалардың 98 пайызы. Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламановтың айтуынша, қаланың 85 мектебінде бастауыш сынып балаларына арналған 155 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Оған 134 494 оқушы барған.

Оқушылар сарайындағы екі лагерьде 462 бала демалыста. Оның ішінде 120 бала «Ақниет» ҚҚ есебінен тегін демалып жатыр. Ал «Арман» және «Боровичок» лагерьлерінде үш маусымда 1 135 бала демалды. Оның ішінде жалпы білім беру қорының есебінен тегін жолдама алған 500 бала бар.

Оқу-ағарту министрлігінің квоталарына сәйкес, жыл сайын «Балдәурен-Щучинск», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Балқаш» (5-9 сыныптар), «Бөбек» (1-4 сынып) республикалық сауықтыру лагерлерінде балалар демалады, – деді Нариман Еламанов.

Оның айтуынша, жазғы демалыс кезінде Астанада 4 бағыт бойынша 175 200 оқушы жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, «Жасыл ел» көгалдандыру бригадасында 4 200, экологиялық лагерьлер, көгалдандыру мен абаттандыру бригадаларында 3 900 оқушы жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге 8 клубта, 208 үйірмеде, 45 аула клубында 130 908 бала жұмыс істесе, туристік таныстыру сапарларына, экспедицияларға (архиологиялық, экологиялық, өлкетану, - ред.) оқушы шықты. «Дидарлы жаз», «Айбынды маусым» лагерінің жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдары мен залдарында 1 389 бала спортпен айналысса, «Жас ұлан», «Жас қыран» мүшелерінің көшбасшылары активінің жазғы мектептері жазғы тілдік мектептер, пікірсайыс лагерлеріне 39 479 бала барған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру