Астанада LRT құрылысы екі жылға созылады – Жеңіс Қасымбек
Елордада LRT жобасының бірінші кешенін салу басталды. Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
LRT бірінші кешенін іске қосу үшін құрылыс қайта жанданды. Жобаны 2 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Мегаполис басшысы биыл қаладағы барлық проблемалы үлестік құрылыс пайдалануға берілетінін атап өтті. Бұл жобалар «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.
«Биыл наурызда 2030 жылға дейін қалалық реинновация бағдарламасы өзектендірілді. Оның аясында апатты жағдайда тұрған 206 үйдің тұрғындары көшіріледі», - қала әкімі.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ