присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 20 млн теңге пара алған

02 маусым 2023 15:05
Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 20 млн теңге пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Агенттіктің мәліметінше, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қазір Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру