Астанада оқушы қыз зорланды: күдіктілер – кәмелетке толмағандар
Ішкі істер министрі Ержан Саденов елордада 8-сынып оқушысының зорлануына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Өкінішке қарай осындай жағдай болды. Күдіктелерді тез арада анықтап, қамауға алынды. Олар – кәмелетке толмағандар. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін Астанада бірнеше оқушы 8-сыныпта оқитын қызын зорлады деген ақпарат жарияланды. Елорда полициясы ақпаратты растап, Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)» басталғанын хабарлаған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ