Астанада сауда үйіндегі өртті сөндіруге 65 адам жұмылдырылды
Астанада екі қабатты сауда үйі өртенді.
Астана қаласы ТЖД мәліметінше, Байқоңыр ауданында орналасқан екі қабатты «Ажар» сауда үйінде 3 дүкен отқа оранған.
Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техника жұмылдырылды.
Өрт толығымен 60 шаршы метр ауданда жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ