присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астананың қоныс колониясында сотталғандар бопсалаумен айналысқан

02 маусым 2023 09:57
Астананың қоныс колониясында сотталғандар бопсалаумен айналысқан

Астаналық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бопсалау дерегі тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 мамырда Астана қаласы бойынша ҚАЖД жедел бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 2 сотталғанды ұстады. Белгілі болғандай, олар қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде (қоныс колониясы) ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімінде («Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау») көзделген қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Түркістан облысының тумалары болып шықты.

29 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында түскен жедел ақпаратты іске асыру шеңберінде сағат 14:20 шамасында Қарасай батыр көшесі бойындағы 26/2 үйдің ауласында 30 мың теңге мөлшерінде ақша беру кезінде сотталған азамат ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігі («Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау») бойынша жазасын өтеп жатқан Г. есімді сотталғанның адамның ағасы болып шықты.

Осылайша, ведомстволардың кәсіби үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында сотталған адамдардың қылмыс жасауына жол берілмеді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру