присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Ата жолы» картасы: 50 ауқатты қандас Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

08 тамыз 2023 10:38
«Ата жолы» картасы: 50 ауқатты қандас Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

Бүгінде «Ата жолы» картасы аясында 50 ауқатты қандас Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Вице-премьердің айтуынша, көші-қон саясаты тұжырымдамасы шараларын атқару нәтижесінде соңғы 10 жылда алғаш рет оң үрдіс қалыптасқан. Қандастар көбінесе ТМД елдері, Қытай және Моңғолиядан көшіп келген.

Министр еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін нақты шаралар қабылданып жатқанын да атап өтті.

Бүгінде А-5 санатындағы инвесторлар шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілді (2022 жылы 95 виза берілген). Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерімізден «бір өтініш» қағидаты бойынша жеке сәйкестендіру нөмірін және электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді, - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, инвестор-кәсіпкерлердің инвестициялық виза алуына қажет төменгі шекті азайту қарастырылып жатыр.

«А-6 деп аталатын ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатыр. Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағында тұрақты тұру үшін (10 жылға) ықтиярхат алу құқығы беріледі. Шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Бүгінде «Отандастар» қоры қолында кәсібі бар, елге «Ата жолы» картасы аясында келгісі келетін шетелдік 50 қандасымызды анықтап, қажетті жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Тамара Дүйсенова.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру