присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атырау облысында бес күнге созылған қамыс өрті сөндірілді

07 сәуір 2023 15:53
Атырау облысында бес күнге созылған қамыс өрті сөндірілді

6 сәуір сағат 21:30-да Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында шыққан қамыс өрті сөндірілді. «Қазақстан Ғарыш сапары» ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1200 гектарды қамтыған.

Қамыс өртін сөндіруге департаменттің 42 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Қамыстың өртенуінен флора мен фауна зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде Атырау қаласының Дамбы ауылынан 30 шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауының сулы, батпақты жерінде қамыс өртенді.

Қамыс өртінен кейін, Атыраудың аспанын түтін басып, қалалық емханаға екі тұрғын жағдайының нашарлағанын айтып хабарласқан. Алайда, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Жасұлан Ақтаев қалада төтенше жағдай жариялауға негіз жоғын айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру