присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атырау облысында теміржол компаниясына 145 млн теңге айыппұл салынды

10 наурыз 2023 12:27
Атырау облысында теміржол компаниясына 145 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысында теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп, «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-нің іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда (вагондарды ағытпалы және ағытпасыз жөндеу қызметтері бойынша) монополиялық ережені теріс пайдалану және әртүрлі бағаларды немесе тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдану фактісін (вагондарды беру және жинау шарттары бойынша, сондай-ақ ағытып жөндеу бойынша ағымдағы жұмыстарды орындау бойынша) анықтады.

Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания айыппұлды мемлекет пайдасына толық көлемде төледі.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру