Атырауда 29 жастағы жігіт бұрынғы сүйіктісін пышақтап кетті
Атырауда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салған.
Әйел супермаркетте жұмыс істейді және кіреберіс арқылы дәретханаға шыққан. Сол жерде оны бұрынғы жігіті аңдып, пышақпен күтіп тұрған. Әйел шыққан кезде оған шабуылдап, бірнеше рет пышақ салып, бауыздаған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға түсінік берді.
9 маусымда Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ