Атырауда жаңа әуежай салынатын болды
Атырау қаласында жаңа әуежай салынатын болып шешілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты.
Оның айтуынша, Атырауда қазіргі заман талаптарына сай келетін жаңа терминал салу жоспарланып отыр. Атырауда ұшақпен ұшатын жолаушылар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Сондықтан қазіргі қолданыстағы терминал бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды.
Инвесторлармен келіссөз болып жатыр. Ол 3 млн жолаушы легіне есептелінеді. Қазіргі жұмыс істеп тұрған терминал тек мемлекеттік емес, ол жерде түрік инвесторының да үлесі бар. Сондықтан, кейбір мәселені бірігіп шешуіміз қажет. Соған байланысты келіссөз де біршама созылады. Келіссөз аяқталғаннан кейін қосымша хабарлаймыз, – деді Серік Шәпкенов.
Облыс басшысы терминал салынатын жер учаскесінің таңдалып қойылғанын айтты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ