присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

17 сәуір 2023 09:58
Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

Кеше премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды.

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы, ал жалпы көлемі 5 403 тонна (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.

Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз, – деді Серік Жұманғарин.

Ауғанстанға сапары аясында ол Сауда және өнеркәсіп, Сыртқы істер, Байланыс және телекоммуникация министрлерінің, вице-премьер міндетін атқарушы Абдул Гани Барадармен кездесті.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру