присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы қашан салынатыны белгілі болды

22 желтоқсан 2022 11:14
Ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы қашан салынатыны белгілі болды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы қашан салынатынын айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер әлі нақтыланбаған.

Келесі жылы (заң жобасын дайындау бойынша – авт.) негізгі жұмысымыз басталады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта. Осы уақытта ортақ шешімге келеміз, - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Әлібек Қуантыров заң жобасы 2024 жылы күшіне енуі мүмкін екенін жеткізді. Осылайша, Қазақстандағы ауқатты тұрғындарға байлық салығы салынады.

«Біздің жоспарымызға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексін күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны да қарастырамыз», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде жаңа салықты 720 адам төлейтіні хабарланған еді. Ол Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі байлық салығын көліктің түріне қарай салу қарастырылмайтынын айтқан.

Биыл президент Қазақстан халқына жолдауында байлыққа қосымша салық салуды ұсынған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру