Ауылда әлеуметтік жобалар жүзеге асырылмайды
Жастармен жұмыс жасау маманы Сая Сағынғали соңғы кездегі елдегі жастар саясаты мен атқарылып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бағалап өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы Ozgeris.info порталына берген сұхбатында айтты.
Елімізде жастар санатын 35 жасқа дейін көтерді. Статистикаға сәйкес қазір елде 6 млн-нан астам 14-35 жас аралығында адам тұрады. Ал жастармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби біліктілігі, жалпы жастармен жұмыс жасау саласы өте маңызды. Қазіргі елдегі жастармен жұмыс жасауға байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жастар ресурстық орталығының бұрыңғы қызметкері Сая Сағынғали өз пікірімен бөліскен.
«Жастармен жұмыс жасайтын адамның бойында қарапайымдылық, белсенділік және ең бастысы өз жұмысын жақсы көруі керек. Адам жұмысын жақсы көрсе, сол жұмыстан бір нәтиже шығаруды ойлайды. Қазіргі таңда жастар саласына қатысты нақты бір тұжырымдама болғанымен, жастар саясатын жүзеге асыруға ат салысатын бағдарлама нақтыланбаған. Бірақ, әрине заң бар, дегенмен де әр жастар орталығының қаржысы, қызметкер саны бөлек. Жастар саясатына бір ортақ бағдарлама жетіспейді», - деді жастар саласының маманы.
Сондай-ақ жастар және бейресми білім беру саласының маманы, көптеген әлеуметтік жобаларға қатыса отырып, азаматтық сектордың да жастар мәселелерін қазіргі кезде белсенді жүзеге асыратыны туралы айтып, мемлекеттік қаражаттың тиімді жүзеге асырылуы мен бағалануы, осы саладағы мәселелерге де тоқталды.
«Мен қазір де үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын бақылайтын эксперт маманы болып та жұмыс жасаймын. Бізде азаматтық бастамаларлы қорғау орталықтары бар. Ол жерге ақпараттық қоғам жылына миллиондаған, миллиардталған ақша береді. Яғни, сол ұйым үкіметтік емес ұйымдарға қаражат бөледі. Әр жыл сайын жобалардың байқауы өтеді. Ауылдық жерге келетін болсақ, сол жақтарға ұйымдар барып отыруы қажет. Мемлекет тарапынан қаражат өте көп бөлініп жатыр. Бірақ сол грантты ұтып алған ұйымдар дұрыс жұмыс жасамайды. Тиімді жұмыс жүргізгісі келсе, шынайы жұмыс жасауы қажет», - деді Сая Сағынғали.
Толық сұхбаттың сілтемесі: https://ozgeris.info/archives/8138
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ