присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бүгін су басқан Атбасар ауданында да төтенше жағдай жарияланды

11 сәуір 2024 11:31
Бүгін су басқан Атбасар ауданында да төтенше жағдай жарияланды

Жабай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар қаласында да қауіпті тасқын болды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Атбасар ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін Атбасар қаласында сағат 4:58-де Жабай өзені тасыған.

Барлық ескерту жүйесі дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазір мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 техникасы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов тұрғындарға аймақта болған су тасқынына байланысты үндеу жасады.

Құрметті Атбасар тұрғындары! 11 сәуірде Жабай өзені деңгейінің 5,8 метрге дейін көтерілуіне (критикалық деңгей 4,45 метр) байланысты, Атбасар қаласының бірнеше учаскесінде су тасқыны болды. Тасқынға қарсы іс-шаралар және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қалада эвакуация пункттері жұмыс істеп тұр, - деді ол.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру