«Балқаш Жылу» ЖШС-ның басшылығы 677 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
«Балқаш Жылу» ЖШС-нің лауазым иелері жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру болып жатыр. Тергеуде анықталғандай, «Балқаш Жылу» ЖШС-ның бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған.
Күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу судьясы 2 ай мерзімге «қамау» шарасын санкциялады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ