Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот шенеунікті ақтап шықты
Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ақтып шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының үкімімен аты-жөні Ахмет деп келтірілген азамат мемлекеттік қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылған болатын.
Сот үкімі бойынша Ахмет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бола тұрып, Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарынан тегін өтуге мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісім-шартқа отырған.
Келісім-шарт шеңберінде 02.07.2014 жылдан бастап 31.12.2014 жылғадейін Нұркенова тағылымдамадан өтуге жіберілді. Ол кейіннен Ахметке университетке түскені және жұмыс істемейтіні туралы хабардар еткен.
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін Ахмет онымен келісім-шартты бұзбай, қосымша келісім негізінде оның орнына Жұматаеваны қабылдады. Нұркеновадан (қыркүйек, қазан және қараша айларында) 100 008 теңге көлемінде ақша алған. Бірақ іс жүзінде Жұматаева қабылданған, – делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, сот Ахметтің аталған әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі бойынша (1997 ж. редакциясы) 100 008 теңге сомасына материалдық залал түрінде мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану ретінде сараланған.
Сонымен қатар қылмыстың осы құрамының міндетті белгісі ретінде нақты салдардың болуы қарастырылған. Ахметке 100 008 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені үшін айып тағылды.
Алайда бұл соманы елеулі залал ретінде тануға болмайды. Өйткені жұмыссыз Жұматаева жұмысқа орналасып, шартқа сәйкес жұмыстың барлық қажетті жұмыс көлемін іс жүзінде орындағаны ол үшін жұмыс істеген уақытына еңбекақы алғаны анықталды.
Осы мән-жайлардың негізінде, бас прокурормен наразылық енгізіліп, Жоғарғы соттың қаулысымен Ахмет ақталып, оңалту құқығы түсіндірілді, – делінген хабарламада.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ