присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Bereke Bank АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығарылды

09 наурыз 2023 09:57
Bereke Bank АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығарылды

АҚШ қазақстандық Bereke Bank-ті (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) санкциялар тізімінен алып тастады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі сайтында жарияланды.

АҚШ Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) SDN санкциялар тізімінен алып тастады.

OFAC арнайы тұлғалардың қара тізімін (SDN) жариялайды, онда АҚШ азаматтары мен тұрғылықты тұрғындарына бизнес жүргізуге тыйым салынған адамдардың, ұйымдардың және кемелердің тізімі көрсетіледі.

Бұған дейін Bereke Bank наурызда АҚШ билігінің санкциялардан алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санкцияға ұшырыған ресейлік Сбербанкті қазақстандық «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің сатып алғаны хабарланған еді. Алайда, банктің қаншаға сатып алғанын холдинг басшылығы «коммерциялық құпия» деп айтпаған.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі Bereke Bank-тың (бұрынғы Сбербанк Қазақстан – ред.) қазір ресми рейтингі жоқ, санциядан кейін рейтингтік агенттіктер Сбербанк Қазақстаннан рейтингті алып тастады, деп хабарлады «Бәйтерек» холдингі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру