Биыл бес өңірде құрғақшылық болады – «Қазгидромет»
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның басым аймағында ылғал деңгейі қалыпты болмақ.
Дегенмен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық болуы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжамы бойынша, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Ақмола және Қарағанды облыстарының бірнеше аудандарында құрғақшылық қаупі бар.
«Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында құрғашылық болады деп болжанған», – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетелік, елімізде агрометеорологиялық бақылау 216 агрометеорологиялық пунктте жүзеге асырылады.
173 пункт астық алқаптарында, 33 жайылымда, сондай-ақ күріш, мақта алқаптарында, бақтарда және өзге де жерлерде бақылаулар жүргізеді.
Бұл арқылы егістіктерді өңдеу күндерін дұрыс жоспарлау, жауын-шашын уақытын анықтау арқылы алақаптардағы өсімдіктердің құруына жол бермеу мақсатында алдын алу шаралары жүзеге асырылады.
Еске салайық, былтыр 8 шілдеде Қостанай облысында ірі орман өрті болып, 35 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп кеткен.
Биыл аптап ыстық кезінде Абай облысында өрт шығып, 15 адам қаза тапқан.
Мамандар жазда өрт тез тұтанатындықтан, демалыс аймағында сөндірілмеген от сіріңке немесе темекі тұқылдарынан өрт шығу қаупі басып екенін айтып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ