Биыл фермерлерге 108,8 млрд теңге субсидия төленді
Биыл фермерлерге 108,8 млрд теңге субсидия төленді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, фермерлер субсидия алу үшін 77 мың 872 өтінім берген. Субсидиялау қағидаларына сәйкес 34 мың 911 өтінім бойынша қолдау көрсетуден бас тартылды.
Бүгінде жүйеде 50 мың 525 пайдаланушы тіркелген. 60,3 млрд теңгеге 21 мың 448 өтінім мақұлданып, «күту парағына» қойылды. Бұл өтінімдер жүйемен толығымен өңделіп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары СБМА-нің қатысуынсыз толық көлемде төленіп жатыр. Қазір 48,5 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, мемлекеттік жүйе арқылы фермерлерге 2022 жыл үшін субсидиялар бойынша 28,4 млрд теңгеге қарыз төленді.
Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 36,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 31,6 млрд теңге төленді. Нәтижесінде СБМАЖ жүйесі арқылы барлығы 108,8 млрд теңге төленді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 2 мың 581 өтінім (49,1 млрд теңге) берілді. Қазір қаржы институттары 129 өтінімді, АШБ 331 өтінімді (8,3 млрд теңге) мақұлдап, резервке жіберді.
Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларына бірыңғай резервте 45,8 млрд теңгеге 2 мың 206 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі ұсыныстар жеткізілді. Ережеге сәйкес, бұл ұсыныстар қаражат қолжетімді болған кезде келісім-шарттармен бекітіледі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ