Биыл қарапайым халыққа берілетін несиелердің пайызы тағы өсті
Екінші деңгейлі банктерде былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, биыл қаңтарда халыққа берген теңгелей несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8% өсіп, 20,7% болды.
Құжатқа сәйкес, халыққа 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге берілген теңгелей несиелердің ең арзаны – 18,7%, ең қымбаты – 1 айға дейінгі мерзімге 33,2%.
Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды.
Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер (5 жылдан астам мерзімге – 19,6%) болды. Ал ең арзаны: 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге – 18,2%.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ