Биыл Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов биыл елімізге 11 жаңа ұшақ жеткізілетінін айтты.
Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді, – деді ол Папрламент Сенаттының еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты өткен жиында.
Оның айтуынша, ұшақтардың саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ