присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҚО-да қызамықпен ауырған 6 баланың бірі көз жұмды

08 желтоқсан 2023 15:50
БҚО-да қызамықпен ауырған 6 баланың бірі көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында қызамықпен ауырған бала көз жұмды. Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Нақты айтқанда, Тасқала ауданында қызамық жұқпалы ауруының 6 жағдайы тіркелген. «Балдырған» балабақшасынан – 5 және тағы бір кішкентай бала қызамық жұқтырып, мекеме карантинге жабылды.

Тасқала аудандық ауруханасында 2 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Тағы екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Бір бала карантиннен шығарылды. Тағы бір бала көз жұмды. Патологиялық сараптама жасалды. Өлімнің себебі қосымша зерттеулерден кейін анықталады, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.

Стационарда емделіп жатқан 3 баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ал бір баланың жағдайы ауыр.

Айта кетсек, қызамықтан дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Әлсіздік, бас ауруы, жұтынған кезде тамақ ауруы байқалады. Аурудың бірінші күнінің соңында мойын мен дененің үстіңгі жағында бөртпе пайда болады. Сосын ол бүкіл денеге тез тарайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру