присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҚО-да шенділерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

25 сәуір 2023 12:55
БҚО-да шенділерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларының пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Антикордың мәліметінше, инспекцияның үш қызметкері Т. есімді азаматтан Ресейден шамадан тыс жүктемемен астық жүктелген ауыр жүк көліктерін «Самара-Шымкент» автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өтуі үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайлық кәсіпкерлер Ресей астығын заңсыз тасымалдағанын хабарлаған болатынбыз.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру